Текст
«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе», - деп М.Жұмабаев атап көрсеткендей, оқу орыс тілінде жүретін мектептерде бұл оқыту әдісі өте тиімді. Ойын элементтері оқушылардың ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді. Қазақстан халықтарының Тілдер күніне арналған онкүндігі және Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында өткен 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өтуіне байланысты мектебіміздің оқушылары үшін үзілісте ойындар өткізілді. Ойын барысында балалар бой жазып, эмоцияға толып, белсенділік танытты. Ойын соңында балалар марапатталды.