2024 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Родина ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ. Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Родина ауылы, Школьная көшесі 3
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:
Родина ауылындағы орта мектептебінде 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2024 жылы 124 қызмет көрсетілді:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін – 0 қызмет;
электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетілді – 35 қызмет;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 89 қызмет.
2023 жылы 54 қызмет көрсетілді:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін – 1 қызмет;
электрондық нұсқада мемлекеттік қызмет көрсетілді 34 қызмет;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 19 қызмет.
Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3. Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Білім саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»;
3. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну».
2. Қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://sc0018.celinograd.aqmoedu.kz/ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері мен стандарттары орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен стандарттары ақпараттық стендтерде орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде. Білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдармен нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі, орта, арнаулы білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.
Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас басқармасының жүйесі жұмыс істейді, оларда 3 мемлекеттік қызметтер қолжетімді.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.
Мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен, қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген қызметкерлер көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
1) 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2024 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүргізілуде.
5. Одан әрі тиімділік және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2025 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Родина ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.