Коммунальное Государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Родина отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»
Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім беру бөлімінің Родина ауылының жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

Мы в INSTAGRAM

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 қыркүйек – Білім күні!

02.09.2024

1 қыркүйек – Білім күні! Жаңа оқу жылының басталуымен мектебіміздің есігі тағы айқара ашылды. Дәстүр бойынша 1 қыркүйек күні мектебімізде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Биылғы жылы 1-сыныпқа баратын 27 оқушы Родина ауылындағы орта мектеп партасына отырмақ.
Мектеп директоры Нижник Е.В., «Родина АФ» ЖШС бас директоры Қазақстан, Еңбек Ері - Сауэр И.А., Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы Қонарбаева Л.А., оқушыларға, ұстаздарға және ата-аналарға жылы лебіздерін білдірді.
Барлық бірінші сынып оқушылары үшін жарқын сәттердің бірі: танымдық энциклопедиялар, мектепке керек-жарақтары бар "Родина" АФ ЖШС әкімшілігінің түрлі-түсті портфельдері. Жиында біздің мектеп үшін маңызды оқиғалар - "үздік білім беру ұйымы" конкурсында жеңіске жету және 22 000 000 теңге көлемінде грант , сондай-ақ Мемлекет басшысы сыйға тартқан жаңа жайлы мектеп автобусының кілттерін табыс ету. Ақмола облысының шайбалы хоккейден төрт дүркін жеңімпазы атанған мектеп оқушылары, "Родина" ХК мүшелері "Родина" АФ ЖШС-нің ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. Оқушыларды, ата-аналар мен педагогтарды жаңа оқу жылымен құттықтаймыз!

 

   

 

Просмотров: 1490


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст