Коммунальное Государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Родина отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»
Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім беру бөлімінің Родина ауылының жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

Мы в INSTAGRAM

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекет басшысы мектепке барды

19.08.2024

2024 жылғы 16 тамызда Президент Родина ауылына жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы мұнда алғаш рет болып, агрофирманың жұмысымен танысты, әлеуметтік нысандарды аралады: "Родина" МҮ, "Наша Родина" супермаркеті, "Достық" паркі, Родина ауылының ОМ. Мектепке барған кезде Қазақстан Президенті мектеп директоры Е. В. Нижникпен кездесті. Мектепте 1-11 сыныптар аралығында 243 оқушы, мектепалды даярлық тобында 25 тәрбиеленушісі оқиды. Кадрлық құрамы 52 адам. Оқу профилі жаратылыстану-математикалық.  Мектепте спорт секциялары, пәндік үйірмелер және қызығушылық үйірмелері жұмыс істейді. Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп асханасына барып, тамақтану кезінде балалардың ерекше отыруына, қабылданған нормаларға сәйкес жасалған мектеп мәзіріне баса назар аударды.  Агрофирмада өсірілген  өнімдеріне және балаларға, мектеп ұжымына арналған тағамның тегін болуына ерекше назар аударылды. Демеушісі - "Родина" АФ ЖШС. ҚР Президенті спортзалды аралап, көптеген гүлдер мен жасыл желектермен безендірілген мектеп жанындағы аумақпен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа оқу жылында табыс тілеп, мектепке мектеп автобусын сыйға тартты.

     

Просмотров: 2032


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст