Текст
2024 жылдың мамыр айында Родина ауылындағы орта мектеп «Үздік орта білім беру ұйымы» грантын тағайындау конкурсына қатысты. Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы орта білім беру жүйесінің даму тенденцияларын анықтай отырып, тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін жалпылау және тарату, педагогтар мен орта білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби және тұлғалық өсуі. 2024 жылдың 15 тамызында өткен «DIGITAL KAZAKHSTAN» педагогикалық ұжымның облыстық тамыз кеңесінде конкурстың қорытындысы жарияланды. Родина ауылындағы орта мектеп облыстағы барлық мектептер арасындағы «Үздік орта білім беру ұйымы» байқауының жеңімпазы, 22 000 000 теңге грант иегері атанды! Сыйлықпен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!