25 мамырда біздің мектепте Соңғы қоңыраудың салтанатты және жүректі толғандыратын мерекесі атап өтілді. Салтанатты жиында түлектерге құттықтаулар мен қоштасу сөздері айтылды. Жыл сайынғы "Жыл оқушысы" конкурсының қорытындысын шығарды, оның бастамашысы және демеушісі "Родина" АФ ЖШС Бас директоры - Сауэр И.А. 9 - сынып оқушысы-Марат Арсен "Жыл оқушысы" конкурсының жеңімпазы атанды, алтын лентамен, көшбасшы кубогымен және 130.000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды. БЖСМ тарихында алғаш рет 8-11 сынып оқушылары волейбол ойын түріндегі ерекше жетістіктері үшін "волейболдан ҚР спорт шеберінің кандидаты"атағына ие болды. Мектеп түлектеріне Соңғы қоңырау соғылды. Маңызды оқиғаларға, құнды жаңалықтарға және көңілді сәттерге толы мектеп өмірі артта қалды. Соңғы қоңырау мерекесі барлық түлектер үшін жарқын және қуанышты естелік болып қала берсін. Ал бұл жаз біздің балаларымыз үшін ең шуақты, ең жылы және ұмытылмас болады!