17 мамырда "Ақмола облысы ББ Целиноград ауданы бойынша ББ Родина ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ Жас қозғалыс инспекторларының 2024 аймақтық жиыны өтті. Жиынға аудан мектептерінің тоғыз командалары қатысты – Ақмешіт ауылы, Арайлы ауылы, Жаңаесіл ауылы, Қараменді батыр ауылы, Қажымұқан ауылы, Ынтымақ ауылы, Тасты ауылы, Төңкеріс ауылы, Родина ауылы. Шолу байқауы келесі кезеңдерден тұрды: шеру көрсету, «Жас тәртіпті», «Жол қозғалысы ережелерінің білгірлері», «Жас жол реттеушісі», «Үздік велошабандоз», «Үгіт-насихат тобының өнері», «Үздік бейнеролик» байқауы. Барлық командалар жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін, жақсы спорттық дайындықтарын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар былайша бөлінді: үшінші орын – Төңкеріс ауылы мектептің командасы, екінші орын Родина ауылы мектебінің командасы, бірінші орын – Ақмешіт ауылы мектебінің ЖЖИ отряды иеленді. Барлық командалар әр-түрлі номинациялар бойынша алғыс хаттармен марапатталды: "Жеңіске деген ерік үшін", "Үздік жас тәртіп сақшысы", "Үздік капитан".