2024 жылғы 20 ақпан күні жалпы білім беретін мектептері оқушылар арасында «Мерген -2024» аудандық шешуші жарысы ,Целиноград ауданының Родина ауылының жалпы білім беретін мектебінің базасында өтті. Жарысқа аймақтық жарысының жеңімпаздары, 8 команда қатысты. Жарысқа бас төреші болып әскери коммисариаттың өкілі Сағымбек А.А. қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 3 орынға Р.Қошқарбаев ЖББ мектебі,2 орынға Қабанбай батыр ЖББ мектебі,1 құрметті орынға Родина ауылының ЖББ мектебі ие болды . Вербицкий Роман (9 сынып), Нижник Матвей ( 8 сынып), Байрақтар Диана ( 10 сынып )және Старостина Виолетта ( 9 сынып) балаларынан құралған мектеп командасы 2024 жылдың ақпанның 26-29 аралығында ,облыстық жарыс «Мерген -2024»Целиноград ауданы атынан қатысады. Командаға алғысымызды білдіреміз және қатысушыларымызға зор денсаулық және жаңа жеңістер тілейміз.