24 қаңтар күні бастауыш сынып оқушылары арасында республикалық «Бастау» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Біздің мектеп оқушылары: Қансейітов С., Шиндин Е., Асанова М., оның жүлдегерлері атанды. Олимпиаданың негізгі мақсаты – бастауыш мектеп жасындағы математикалық дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, бастауыш мектеп оқушыларының математикадан алған білімдерін тереңдету және кеңейту.
Олимпиада үш кезең бойынша өтті:
1-тур – «Әу, баста!» (командалық сынақ);
2 тур – «Асық» (командалық сынақ);
3 тур – «Математикалық бәйге» (ауызша жеке тест).
Олимпиада тапсырмалары математикалық логикаға негізделіп, дұрыс ой қорытуға, қорытынды жасауға және дұрыс пайымдауға құрастырылды. Математика ғылымының жас білгірлерін шын жүректен құттықтап, жаңа жеңістер тілейміз!!!