Текст
30 қараша күні мектебімізде 2-4 сынып оқушылары арасында «Көңілді старттар» атты спорттық іс-шара өтті. Бұл іс-шара дене тәрбиесін меңгеруге, ұжымшылдыққа, жолдастыққа, өзара көмекке, шығармашылық ойлауға тәрбиелеу, балаларда қуанышты және көңілді көңіл-күй қалыптастыру негізінде баланың жеке тұлғасын дамытуға ықпал етеді. Спартакиада қорытындысы бойынша бірінші орынды 3-сынып оқушылары, екінші орынды 2-сынып оқушылары жеңіп алды, ал үшінші орынды 4-сынып оқушылары ие болды.Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және алдағы уақытта да спорттық жеңістер тілейміз!