Балалар-еліміздің басты байлығы. Қоғам, білім беру жүйесі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары алдында сапалы білім алу мәселесі тұр. Инклюзивті білім беру барлығына сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған білім беру жүйесін трансформациялау бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағыт шеңберінде 2023 жылғы 29 қыркүйекте "Родина ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ инклюзияны қолдау кабинетінің ашылуы өтті. Кабинеттің ашылуына Целиноград ауданы бойынша "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі Сәрсекеева Гүлмира Маратқызы, Ақмола облысы ББ әдістемелік орталығының психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Ермұханова Инара Ибраимқызы, Целиноград ауданы білім бөлімі басшысының орынбасары Елеуова Айнұр Айтбайқызы, Целиноград ауданы білім бөлімінің инклюзивті білім беру әдіскері Сухаш Гүлайым Аралбекқызы, «Родина» ауылдық округінің әкімі Қалиев Саят Ғабдумажитұлы қатысты. Қонақтар инклюзияны қолдау кабинеті балаларды оқытуға қажетті барлық заттармен жабдықталғанын атап өтіп, балаларға оқуда табыс тіледі. Мұндай кабинетердің ашылуы балаларға ыңғайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді, оларға мектепте өз құрдастарының арасында бейімделуге, ең бастысы әлеуметтенуге көмектеседі.