Дарынды балаларды анықтау және қолдау шараларының бірі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2008 жылдан бері өткізіп келе жатқан математика, физика, химия және биология пәндері бойынша Президенттік олимпиада. 2023 жылдың 7 қыркүйегінде екі пән бойынша (математика, биология) мектеп оқушыларының жаратылыстану-математикалық пәндерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектепішілік олимпиада өткізілді. Тек 11-сынып оқушылары, «Алтын белгі» мен «Үздік аттестатқа» үміткерлер қатысты.
Олимпиадаға 2 оқушы қатысты:
Сергеева Алика (11 сынып)
Тасболатова Дарина (11 сынып)
Тапсырмаларда өткен жылдардағы Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңіндегі мәселелер қамтылған. Оқушыларға тест түрінде тапсырмалар ұсынылды.
Жалпы ұпайлар:
Сергеева Алика-19 б./30 б.
Тасболатова Дарина-18б./30б.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша оқушылар олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды. Оларға табыс пен биік жетістіктер тілейміз!