Тіл – халықтың көрнекті жетістігі және оның ажырамас қасиеті. Тілдің дамуы толығымен ұлттық мәдениеттің дамуымен байланысты және осыған байланысты тіл өзінің қоғамдық қызметін атқарады. Әр тілдің басқа тілдердің тағдырымен байланысты өз тарихы, өз тағдыры бар. Тіл арқылы адамдар бір-бірін табады, қарым-қатынас жасайды, халықтың рухани мәдениетін, әдет-ғұрпын түсінуге үйренеді. Еліміздің дамуына халықтар достығы көмектеседі. Бұл – біздің ұлттық байлығымыз. 11 қыркүйек күні мектебімізде Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жоғары сынып оқушылары Байрақтар Диана, Сүйінғалиева Наргиза және Гасанова Амина балаларға тілдің адам өміріндегі маңызы туралы айтып, оқушылар үш тілде сөйледі. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Цындря Г.С. жиналғандарды «Тіл – бейбітшілік пен келісім символы» онкүндігінің жоспарымен таныстырды.