Текст
Білім министрі Ғани Бейсембаев, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Родина ауылының орта мектебі» КММ-де болды. Ғани Бейсембаев мектеп сыныптарының жақсы жабдықталғанын атап өтіп, жоғары сапалы жиһазды, гүлденген петуния хош иісті мектеп алаңын жоғары бағалады. Родина ауылының мектебі басқа ауыл мектептері үшін тамаша үлгі, ең бастысы, бұл шетелдік емес, біздің, отандық үлгі. Еліміздің, әсіресе, тәрбие мен білім беру жүйесінде озық болғанын қалаймын. Сонда адам капиталы әлемдегі ең жақсы капиталға айналады, - деді Ғани Бейсембаев.