2020 жылы ұлы ойшылдың 175 жылдығы қарсаңында Қазақстанда жаңа мереке – Абай күні бекітілді. Осыған орай Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай күні аталып өтілуде. Биыл оның туғанына 178 жыл толып отыр. Ақын, ағартушы және философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы және оның тұңғыш классигі, Еуропа мәдениетімен жақындасуды жақтаған мәдениет реформаторы А.Құнанбаевтың туған күні. Абай мұрасы – баға жетпес қазына. Ақын 170-ке жуық шығарма жазып, 50-ден астам аударма жасаған. Абай шығармаларының қазіргі заманда да өзектілігі бар. Ол бүкіл халықтың ой-өрісін түбегейлі өзгертетін жаңа құндылықтарды сіңіруге ұмтылды.
Абай Құнанбаев -дара ақын!
Абай – жазба әдебиетінің негізін салған, гуманистік ұлы ойдың иесі.
Қазақтың сөз өнеріне Абай Құнанбаев қосқан үлестің қайталанбас үлгілері әлі айтылып таусылған жоқ.
Абай шығармашылығы қазақ халқының тұтас бір дәуірдегі ақыл-ойының, парасатының, мәдениеті мен әдебиетінің, өнерінің асқар шыңы іспетті. Ол өз өлеңдері арқылы қазақ поэзиясын өз кезеңінің ең озық деңгейіне көтере білді, сол замандағы қоғамдық дамудың шындығын дәл бейнелеп, өркениетті сипатта дұрыс қорытынды шығара алды. Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай — қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «Одан асқан бұрын-соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» – деп бағалаған.
Абай ғасыр ақыны болып қала береді.