Текст
Біздің мектептің оқушылары "Елбасы медалі"ұлттық жастар ағдарламасының қатысушылары болып табылады. Бұл жоба жасы 14 пен 29 аралығындағы өр мақсатты Қазақстан жастарына арналған. Қатысушылар «Алтын», «Күміс», «Қола» деңгейлерінің бірін таңдап, қарым-қабілеттерін жеті бағыт бойынша жетілдіреді: спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі. Ал жобаның финалына шыққандар «Елбасы Медалімен» марапатталады! 10 сынып оқушысы Бектұрсынов Нұржан өзі үшін Күміс деңгейді таңдады , тапсырмаларды сәтті орындағаннан кейін, финалистердің қатарында болды.Нұржанды жеңісімен құттықтаймыз, одан әрі табыс тілейміз!