Коммунальное Государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Родина отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»
Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім беру бөлімінің Родина ауылының жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

Мы в INSTAGRAM

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас қозғалыс инспекторларының -2023  жиыны

16.05.2023

15 мамырда "Ақмола облысы ББ Целиноград ауданы бойынша ББ Родина ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ  Жас қозғалыс инспекторларының 2023 аймақтық жиыны өтті. Жиынға аудан мектептерінің тоғыз командалары қатысты – Ақмешіт ауылы, Арайлы ауылы, Жаңаесіл ауылы, Қараменді батыр ауылы, Қажымұқан ауылы, Ынтымақ ауылы, Тасты ауылы, Төңкеріс ауылы, Родина ауылы. Шолу байқауы келесі кезеңдерден тұрды: шеру көрсету, «Жас тәртіпті», «Жол қозғалысы ережелерінің білгірлері», «Жас жол реттеушісі», «Үздік велошабандоз», «Үгіт-насихат тобының өнері», «Үздік бейнеролик» байқауы. Барлық командалар жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін, жақсы спорттық дайындықтарын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар былайша бөлінді: үшінші орынды – Арайлы ауылы мен Қажымұқан ауылы мектептерінің командалары, екінші орынды Ақмешіт ауылы мектебінің командасы, бірінші орынды – Родина ауылы мектебінің ЖЖИ отряды иеленді. Қалған командалар келесі номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды: "Жол қозғалысы ережелерінің білгірлері", "Жас жоол реттеушісі", "Үздік велосипедші", "Үгіт-насихат бригадасы", "Үздік бейнеролик".

   

Просмотров: 480


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст