Оқушыны мектепте тәрбиелеу және отбасында тәрбиелеу - бұл біртұтас ажырамас процесс. Білім беру мекемесінде ата-аналармен жұмыс біртұтас жүйеде жүргізілуі керек және үлкен маңызға ие. Ата-аналардың көмегі тиімді болуы үшін оларды тәжірибе алмасуға, мәселелерді талқылауға, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін бірлесіп іздеуге үйрету керек. 2023 жылдың 28 сәуірінде мектепте 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған баланың "жаман" мінез-құлқының себептері немесе ата-ана ретінде баланың "жаман" мінез-құлқымен сабырлы түрде күресу туралы форсайт-сессиясы өтті. Форсайт-сессия нәтижелі өтті, ата-аналар белсенді қатысушылар мен әңгімелесушілер болды. Сессия нәтижесінде ата-аналар мұғалімдермен бірлесіп әзірлеген «болашақ картасы» бойынша нұсқаулықтар шығарылды.