Текст
Өскелең ұрпақты қоғамдық пайдалы еңбекке баулу мектеп оқушыларының бойында патриоттық сезімді, табиғатты, қоршаған ортаны құрметтеу, туған жерге деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған. «Жер – ортақ үйіміз» экологиялық тәрбие айлығы аясында мектеп оқушылары «Менің үйім, мектебім, ауылым» акциясына белсенді қатысты. 2023 жылдың 13 сәуірінде мектепте «Таза бейсенбі» ұйымдастырылып, оған 5,6 А, 6 Б, 7 А, 7 Б, 8, 10 сынып оқушылары және 14 мұғалім мен мектеп қызметкерлері қатысты. Ауа-райы өте қолайлы болды, оқушылар мен мұғалімдер үлкен жұмыс атқарды. Мектеп ауласы тазаланды, қалпына келтірілді. Барлығы атқарылған жұмыстарға риза болды.