Қазіргі уақытта көпқабатты үйлердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі сәбилердің терезеден құлау жағдайларының жиілеуіне байланысты өзекті болып қала береді. 2023 жылдың 3-14 сәуір аралығында "Қауіпсіз терезелер" Республикалық ақпараттық науқаны өткізілді. Ақпараттық науқанның мақсаты: балалардың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу, балалардың терезеден түсуі нәтижесінде болуы мүмкін қайғылы салдарлар туралы ата-аналардың қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігіне назарын аудару. Ақпараттық науқанның міндеттері: ересектер мен балаларды қоса алғанда, көппәтерлі үйлер мен ғимараттардың ашық терезелеріне балалардың шектеусіз қол жеткізуінің қауіптілігі туралы жұрттың хабардар болуын арттыру; балалардың өмірі мен денсаулығы үшін ата-аналардың жауапкершілігі туралы. "Қауіпсіз терезелер" атты Республикалық ақпараттық науқаны аясында мектепте бірқатар іс-шаралар өткізілді. Ата-аналар мен оқушыларға арналған тақырыптық ақпараттық стенд ресімделді, әлеуметтік желілерде балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша ата-аналар мен оқушыларға арналған бейнероликтер, жадынамалар орналастырылды: "Баланы терезеден құлаудан қалай қорғауға болады", "Құрметті ата-аналар! Назар аударыңыз!", "Егер уақытты кері бұруға мүмкіндік болса...". Барлық сыныптарда "Менің жас досым! Жарақаттануды болдырмауға және өзіңіздің және кіші інілеріңіздің денсаулығын сақтауға көмектесетін маңызды ережелерді қатаң сақтаңыз" тақырыбында сынып сағаттар өткізілді. Мектепте өткізілген іс-шаралар ата-аналардың назарын балалардың терезеден түсуі нәтижесінде болуы мүмкін қайғылы салдарлар туралы тартуға және жауапты ата-ананы насихаттауға бағытталған.