Ауылдағы оқушылар арасындағы «Мың бала» Ұлттық олимпиадасы 2023 жылдың 10 сәуірінде онлайн-режимде өтті. Олимпиаданың басты мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау. Биыл олимпиаданың бірінші кезеңе 6-сынып оқушылары қатысты.Олимпиада жеңімпаздаына дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, оның ішінде «Дарын», БИЛ мектептерінде білім алу ұсынылады. «Мың бала» олимпиадасының барлық қатысушыларына одан әрі білім алу және дағдыларын дамыту үшін Елбасы Академиясының «Birge Oqý» онлайн мектебіне тегін қабылдану мүмкіндігі беріледі. Бірінші кезең танымдық ойлау деңгейін анықтауға арналған тесттерді қамтиды. Кешенді тестілеу «логикалық ойлау» және «кеңістіктік ойлау» бөлімдерінен тұрады.Қатысушыларға сәттілік тілейміз!