Текст
Қазақстанда жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі. 7 сәуірде мектебімізде «Жаттығу жасауға дайындал!» атты «Спорттық бес минуттық» акциясы өтті. Оған мектептің барлық оқушылары қатысты. Акцияның басты ұраны - "Денсаулыққа жол жаттығу жасаудан басталады!». Іс-шара таңертеңгілік гимнастика жасау түрінде өтті. Жаттығу барлық қатысушыларыға күні бойына сергектік пен жақсы көңіл-күй сыйлады.