Гуманитарлық бірлестік пәндерінің онкүндігі аясында 06.04.23ж. қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері Үсенова Г.Ә., Билялова Г.А. және Нургалиева А.К. қолдауымен мектептің 0-4 сынып оқушылары арасында «Тіл – ұлттың жаны» атты қызықты үзілісі өткізілді. Іс-шараның мақсаты сөздік қорын молайту, көпшілік алдында сөз сөйлеуге дағдыландыру; оқушылардың ауызша ой – өрісін дамыту, мемлекеттік тілін сүюге, қадірлеуге, мақтан етуге, тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге тәрбиелеу. Біз оқушылардың мемлекеттік тілді түсіну, білу деңгейлерін мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар оқу, жұмбақтар шешу арқылы анықтадық. Қатысушыларған ең қызықтысы сөзсіз қимыл арқылы жануарларды жасыру, шешу болды. Олар жауабын үш тілде атады. Балалар мұндай тапсырмаларды орындауда өздерін сергек сезінеді.