Гуманитарлық бірлестік пәндерінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері Үсенова Г.Ә., Билялова Г.А. және Нургалиева А.К. қолдауымен мектептің 0-4 сынып оқушылары арасында «Қазақшаңыз қалай?» атты акциясы өтті. Осы акцияның мақсаты басқа ұлт өкілдерінің балалары мемлекеттік тілге құрметпен қарауы. Акцияға мектептің басқа ұлт өкілдерінің балалары қатысты. Акция интервью алу арқылы өтті. Жүргізушілері 3 сынып оқушысы Верлин Егор және Колерт София 4 сынып оқушысы. Интервьюге мектеп оқушылары қатысып, қойылған сұрақтарға қазақ тілінде жауап беріп, мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтады. Бұл іс-шара өте қызықты және қатысушылар өз еркімен білімін сынағысы келетіндерден тұрды. Мұндай шаралардан кейін мемлекеттік тілді меңгеруде ұмтылыс, қызығушылық туады деген ойдамыз. Алдағы уақытта оқушыларға мемелекеттік тілді меңгеруде сәттілік тілейміз!