Текст
«Халықаралық құстар күні» - жыл сайын 1 сәуір күні атап өтілетін экологиялық мереке. Оның мақсаты-түрлердің әртүрлілігі мен құстардың санын сақтау. Біздің мектепте мектепалды даярлық сыныбы мен 1-4 сынып оқушылары арасында осы мерекеге орайластырылған "Жердегі құстарды сақтайық" атты шығармашылық жұмыстар көрмесі өтті. Құстар табиғаттың маңызды бөлігі болып табылады және адамға сөзсіз пайда әкеледі. Оларға қамқоршы болайық! Құстарды бірге Жерде сақтайық!