01.04.23 кәсіптік бағдар беру және азаматтық тәрбие беру мақсатында 6-9 сынып оқушылары мектеп АӘТД пәнінің мұғалімі Ж.Х.Жапаров пен метеп аға тәлімгері Н.В.Брауэрмен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, әскер генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Астана қаласындағы әскери колледжіне барды.
Колледж 1999 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бастамасымен ашылған. Колледждің басты мақсаты – туған жерге деген сүйіспеншілікті оята отырып, еліне лайықты азаматтарды, тәуелсіз Қазақстанның адал қорғаушыларын тәрбиелеу.
Экскурсия барысында оқушылар колледждің құрылымымен танысты: музейге, кітапханаға, спортзалға, бассейнге, асханаға барды, колледж оқушылары тұратын бөлмелерді, оқу аудиторияларын аралап, әскери техникамен, қару-жарақпен, киім-кешекпен танысты. Экскурсияны колледж тәрбиеленушілерінің өздері жүргізіп, балалардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Экскурсия өте танымды болды, көптеген балалар мектепті бітіргеннен кейін әскери колледж тәрбиеленушілерінің қатарын толықтыруға ниет білдірді.