Коммунальное Государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Родина отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»
Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім беру бөлімінің Родина ауылының жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

Мы в INSTAGRAM

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Шежіре күні"

17.03.2023

Салт-дәстүр–әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Көшпелілер ең бірінші кезекте балаларын әдет-ғүрып, салт-дәстүрлер арқылы тәрбиеледі. Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепте "Шежіре күні" өткізілді. Оның аясында мектебіміздің қазақ тілі пәнінің мұғалімдері 0-4 сынып оқушыларына "Бесікке салу" рәсімімен көрсетті. Мұғалім өзі шығарған жұмбағын

Тақыр – тұқыр араба,

Ішінде бар мираба,

Астында бар қазығы

Аузында бар азығы. (бесік)

 жасыру арқылы балалар рәсім атауын тапты. Мақсаты: оқушыларға бесік туралы түсінік беру және жасалу жолдарын, бесік маңызын түсіндіру.

«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей, әр түркі халықтарында бесікке салу рәсінін әр түрлі жасайды. Біз оқушыларға баланы бесікке салуда орындалатын салт-дәстүрдің бізге белгілі түрін ұсындық:

  • Бесіктің жабдықтарын орын-орындарына қою
  • Адыраспан түтінімен бесікті аластап шығу
  • «Тыштыма» ырымын жасау
  • Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабу

Рәсімді түсіндіру барысында балалар таңырқап, сұрақ қойып мұғалімді қызыға тыңдады.

Просмотров: 409


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст