Коммунальное Государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Родина отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»
Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім беру бөлімінің Родина ауылының жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

Мы в INSTAGRAM

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көрісу күні»

17.03.2023

Жаңа жылды 14 наурыздан бастайды. Бұл күнді «Көрісу күні», «Қауышу күні» деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрісе отырып «Жасың құтты болсын!», «Бір жасыңмен», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Біздің мектепте де Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Көрісу күнінен» басталды. Азанмен мектепке келген оқушыларды, мектеп жұмысшыларын, мұғалімдерді осы күнмен құттықтадық, көрістік. Көрісу күні бірінші қабатта тілек ағашы орналастырылды. Қалаған адам бұл ағашқа арнайы дайындалған парақтарған тілектерін жазып ілді. Күннің соңында ағаш тілектерге толып, гүлденді. Береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын! Бір жастарыңызбен!

   

Просмотров: 409


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст