Жаратылыстану-математикалық пәндерінің ӘБ онкүндігі шеңберінде 22.02.23 ж 5-7 сынып оқушылары арасында "Күндізгі күзет" атты квест-ойыны өткізілді. Қазіргі уақытта квест форматындағы ойындар оқушылар арасында үлкен сұранысқа ие. "Күндізгі күзет" квест-ойыны өскелең ұрпақтың салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілікті, дербестікті және ұжымдық жұмысты көрсетуге, сондай-ақ білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы және дене белсенділігін насихаттауға бағытталған. Ойын мектептің мәжіліс залында сапқа тұрудан басталды. Әр команданың өкіліне қозғалыс сызбасы мен станциялардың атауы көрсетілген маршруттық парақ берілді. Әр бекетте ойынға қатысушылардың алдында логика мен математика, информатика мен география, биология және химия пәндері бойынша қызықты әрі тартымды тапсырмалар күтілді. Командалар тапсырмаларды ынтамен орындап, ұпай жинады. Шара жеңімпаздарға сертификаттар табыстаумен аяқталды. Барлық қатысушылар керемет сергектік пен жағымды эмоцияларға ие болды!