Білім беру ұйымындағы кәсіптік бағдар берудің негізгі мақсаты – жасөспірімге кәсіптік білім алудың нұсқаларын таңдауда нақты көмек көрсету. «Мамандық таңдау – жол таңдау» – осы ұранмен 21 ақпан күні кәсіптік бағдар беру айлығы аясында 7-8 сынып оқушылары арасында квест ойыны өтті. Оқушылар қызықты және танымдық тапсырмаларда жарысты, жұмбақтар шешті, сәйкестік тапты, әртүрлі мамандықтардың рөлін сынап көрді. Сынып ұжымдары әртүрлі тапсырмаларды орындауда белсенділік, қызығушылық және ұйымшылдық танытты.
Зияткерлік квест-ойын барысында оқушылар өздері білетін мамандықтар туралы білімдерін тереңдетіп, олар үшін бұрын таныс емес мамандықтармен танысты. Квест ойыны қатысушылар мен көрермендерге жағымды эмоциялар, сондай-ақ болашақта олар үшін пайдалы болатын ақпарат берді!
Квест қорытындысы бойынша 7 «Б» сыныбы жеңімпаз атанды, 8 сынып екінші орын, 7 «А» үшінші орынға ие болды!