Коммунальное Государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Родина отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»
Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім беру бөлімінің Родина ауылының жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

Мы в INSTAGRAM

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Гуманитарлық цикл пәндерінің олимпиадасының жүлдегерлері

20.02.2023

30 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Родина ауылының жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндері бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысты. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру, ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке деген қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдайлар жасау, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау.

Олимпиада қорытындысы бойынша оқушылар келесі нәтижелерді көрсетті:

9 сынып оқушысы Блажко Михаил – ағылшын тілінен 3 орын, мұғалім Макарова Надежда Сергеевна.

10 сынып оқушысы Бектурсунов Нуржан – Қазақстан тарихы бойынша 2 орын, мұғалім Авилкина Светлана Юрьевна.

11 сынып оқушысы Цындря Александр – орыс тілі мен әдебиеті бойынша 1 орын, мұғалім Цындря Галина Станиславовна.

15-17 ақпанда Цындря Александр Республикалық олимпиаданың облыстық турына қатысып, Көкшетау қаласында екі кезеңнен өтіп, үшінші жүлделі орынға ие болды!

Оқушылар мен педагогтарды құттықтаймыз! Еңбекқорлығыңыз, ұмтылысыңыз, табандылығыңыз және жеңіске деген құлшынысыңыз үшін рахмет. Жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз! Әр күніңіз сәттілік, шабыт, шығармашылық және позитивке толы болсын!

 

 

Просмотров: 482


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст