Қазіргі заманда адамдар өз өмірін интернетсіз елестете алмайды. Бұл жаһандық желі адам үшін көптеген мүмкіндіктер ашады, сонымен қатарол көптеген жағымыз мәселелердің көзі болып табылады. Статистикаға сүйенсек, әрбір екінші адам әлеуметтік желіде тіркелген. 9 ақпан күні жұмыс жоспарына сәйкес Родина ауылының орта мектепте «Әділет» пікірсайыс клубының отырысы өтті. Клуб жұмысы барысында, «Қауіпсіз интернет» апталығы аясында «Қазіргі жастар әлеуметтік желіге тәуелді» тақырыбында турнир өткізілді. Іс-шараның мақсаты: қазіргі жастар өміріндегі әлеуметтік желілердің орнын анықтау, құқықтық мәдениетін, азаматтық белсенділігін арттыру, шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау, топпен жұмыс істеу, өз ұстанымын дәлелдей білу қабілеттерін дамыту. Турнирге 9-10 сынып оқушылары қатысты. Турнирде әділқазылар алқасын 11 сынып оқушылары басқарды. Пікірсайысқа қатысушылар әлеуметтік желілердің жағымды және жағымсыз жақтарын атап өтті. Пікірталас кезінде үкімет командасы ең сенімді болды. Қатысушылар өз көзқарастарын, ойын тиянақты түрде жеткізді, дәлелдер мен аргументтер келтірді, сұрақтар қойды, мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Турнирдің барлық қатысушылары практикалық тәжірибе мен көптеген жағымды эмоциялар алды.