Осы аптада бірінші сыныпта «Қош бол, Әліппе!» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Әліппемен қоштасу бірінші сынып оқушыларының өміріндегі үлкен оқиға, өйткені бұл олардың мектептегі алғашқы жеңісі. Әліппе – өте құрметті, ал кейбір балалар үшін өз бетінше оқыған алғашқы кітаптардың бірі. Көптеген балалар мектепке әріп танымай келді, енді олар оқу мен жазуды үйренді, бұл жолды өтуге оқушыларға Әліппе көмектесті. Әліппемен қоштасу мерекесі көңілді ойын түрде өтті. Өлеңдер, әндер айтылды, сөздік тапсырмалар орындалды, жұмбақтар шешілді, әріптер табылды және өз қатарына тұрғызылды. Оқушылар үшін таңқаларлық сәт сыныптан тыс оқуға арналған естелік кітаптарды тапсыру болды. Әліппемен қоштасу мерекесі – жаңа білім мен жеңістерге апаратын жолдың басы. Біздің ең кішкентай оқушыларымыздың мектеп өмірінде осындай жеңістер көп болсын. Бірінші сынып оқушыларына оқуда сәттілік және әрқашан жақсы көңіл-күйде болуды тілейміз!