Бір кездері Аполлон Григорьев :"Пушкин - бұл біздің барымыз", - деді. Шынында да, орыс тілі мен әдебиетін оқуды оның есімінсіз елестету мүмкін емес, ол бәріне бала кезінен таныс. 2023 жылдың 13 қаңтарында онлайн режимінде "Пушкин оқулары" аудандық байқауы өткізілді. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері: оқушыларды орыс және қазақ халықтарының мәдениетін, тілдерді үйренуге баулу; әдеби-шығармашылық қабілеттерін, аудитория алдында сөз сөйлеу дағдысын дамыту. Байқау бірнеше номинациялардан тұрды: өлеңдерді мәнерлеп оқу, автордың шығармаларын театрландырылған түрде ұсыну, Александр Сергеевичтің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы эссе және музыкалық шығарманы орындау.
Біздің мектеп оқушылары белсенді қатысып, жүлделі нәтижелерге қол жеткізді:
"Эссе" номинациясы бойынша II орынды 11 сынып оқушысы – Цындря Александр алды.
"Мәнерлеп оқу" номинациясы бойынша II орын ды 9 сынып оқушысы – Меркулова Екатерина алды. «А.С.Пушкиннің сөзіне жазылған музыкалық шығарма» номинациясы бойынша ІІІ орын 9-сынып оқушысы – Байрақтар Диана алды.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және орыстың ұлы ақынының шығармашылығын зерттеуде табыс тілейміз!