Текст
11-сынып оқушысы Екатерина Машкина мектеп парламенті мүшелері арасындағы «Табыс портфолиосы» республикалық қашықтық байқауына қатысып, «Мектеп ауласының жасыл аймағы» жобасын ұсынды. Бұл жобаның мақсаты эстетикалық және экологиялық жағынан тартымды мектеп алаңын құру болды. Жобаны жүзеге асыру барысында мұғалімдер мен оқушылардың күшімен біржылдық және көпжылдық өсімдіктерді таңдауды ескере отырып, ерекше гүл бағы құрылды. Осылайша, жобаның мақсатына қол жеткізілді, міндеттер шешілді. Байқау қорытындысы бойынша Машкина Екатеринаға қатысу сертификаты және 1 орын алғаны үшін сертификат берілді. Жоба жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Корогез Марина Алексеевна Алғыс хатпен марапатталды.