Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және жою әрбір мұғалім қызметінің ажырамас және маңызды бөлігі болып табылады. Егер сіз бұл мәселеге мұқият назар аудармасаңыз, онда көп ұзамай тіпті қабілетті оқушылар да қателіктерге бой алдырады. Секция аралық жұмыс шеңберінде жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдері білім сапасын арттырудың басты шарттарының бірі – оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және жою бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. ЖМБ пәндері бойынша оқыту сапасының мониторингі формативті және жиынтық бағалау нәтижелеріне сүйенеді. Жіберілген қателіктерді талдау жұмыстың әр түрінен кейін ауызша немесе жазбаша, мұғалім немесе оқушы — қызмет түріне байланысты жүзеге асырылады. Ол үшін әр мұғалімде олқылықтарды жою бойынша папкасы бар. Оқушыны белгілі бір жұмыс түріне жаттықтыру емес, оның материалды қаншалықты меңгергенін, әр түрлі тапсырмаларды біраз уақыт орындауға, назарын аударып, тапсырмаларды және жалпы жұмысты орындаудың ең жақсы жолын таңдауға көмектесу керек. Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою бойынша уақтылы және жүйелі жұмыс – жоғары оқу нәтижелерінің кепілі!