24 қарашада біздің мектепте 7-11 сынып оқушыларының 9-сынып оқушысы Блажко Михаилмен кездесуі өтті. Михаил 10-11 сыныптарда ауылдан келген дарынды балаларға арналған IQanat – бірегей мектеп-интернатының грантын алды. Күзгі демалыс кезінде Миша IQanat мектебінің базасында екі апта өткізді, ал қазір сол мектепте білім беру процесін онлайн режимінде жалғастыруда. Ол оқушыларға бұл мектепте білім беру жүйесінің қалай құрылғанын айтып берді. Республиканың барлық өңірінің ауылды аймағынан келген 184 дарынды оқушы IQanat High School of Burabay мектебінің партасына отырады. Олардың білім алуы Тұңғыш Президент қоры бөлген гранттардың, сондай-ақ 60 қазақстандық кәсіпкер-қамқоршының қаржылық қолдауының арқасында тегін болмақ. Мұнда тек жоғары үлгерімі бар оқушылар, физика, математика және ағылшын тілі бойынша IQanat республикалық олимпиадасының финалистері таңдалады. Бұл байқауға жыл сайын ауылдардан 35 мыңнан астам оқушы қатысады. Михаилдің сөзі балалардың үлкен қызығушылығын тудырды. Кездесу соңында Миша балаларды жан-жақты дамуға, түрлі конкурстар мен олимпиадаларға қатысуға, ағылшын тілін терең үйренуге кеңес берді. Михаил бұны үлкен болашаққа жол деп санайды!