Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингі (ББЖБ) білім беру ұйымдарына тәуелсіз білім сапасын бақылау құралы болып табылады. ББЖБ білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім алушылардың білім сапасын жүйелі бақылайды. Қазақстанда ББЖБ тестілеуі жыл сайын сәуір айында орта білім беру ұйымдарының базасында 4 және 9 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Оқу жылының басындағы мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес ББЖБ-ға дайындық жоспары құрылды, қосымша сабақтар кестесі бекітілді. 2022 жылдың 23 қарашасында оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Г.А.Біләлова 4 және 9 сыныптарда сабақ беретін мұғалімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп мұғалімдері ББЖБ өткізу ережелерімен, мониторинг форматымен, тест тапсырмаларының құрылымымен танысты .