Текст
«АСЫЛ МҰРА» жобасын жүзеге асыру аясында «Жас-Шабыт» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы сәндік-қолданбалы өнерден «Берекелі күз» атты облыстық байқауын өткізді. Сайысқа мектебіміздің оқушылары да қатысты. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. «Табиғи материал» номинациясы бойынша 10-13 жас аралығында Ибряков Артур 1 орынды, Минчева Юлия 3 орынды иеленді. 14-18 жас санатында Банщикова Элеонора І орынды иеленді. Иванова Диана «Қағаз бұйымдары» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болды. Көркем еңбек мұғалімі Л.П. Добролович Алғыс хатпен марапатталды. Жеңімпаздарды және олардың жетекшісін құттықтаймыз, алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз.