Коммунальное Государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Родина отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»
Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім беру бөлімінің Родина ауылының жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

Мы в INSTAGRAM

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бала құқығы – адам құқығы

22.11.2022

2022 жылдың 10 қарашасы мен 20 қарашасы аралығында мектепте Халықаралық бала құқығы күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндік өтті. Онкүндік аясында барлық сыныптарда «Қақтығыстар және оларды шешу жолдары», «Толеранттылық – бейбітшілікке апарар жол» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Оқушылармен қауіпсіздік ережелерін сақтау, өзін-өзі ұстау ережелері туралы әңгімелер, қауіпсіз жыныстық даму мәселелері, зиянды әдеттердің алдын алу бойынша әңгімелер өткізілді. Мектеп кітапханашысы «Құқықты біл, заңды сыйла!» атты кітап көрмесін ұйымдастырды және «Өз құқығыңды біл!» заң сағатыy өткізді. Мектептің әлеуметтік педагогі 1-3 сыныптарында «Ынталандыру және жазалау» тақырыбында сауалнама, 4-11 сыныптарда балаларға қатыгездік көрсетуді анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. 7-10 сынып оқушылары «Құқығым бар» эссе байқауына, 1-4 сынып оқушылары «Әр баланың құқығы бар» атты сурет көрмесіне қатысты. 5, 6А, 6Б сыныптарында Халықаралық толеранттылық күніне арналған сыныптан тыс іс-шаралары өткізілді. 5-11 сынып оқушылары «Біз әртүрліміз, бірақ біз біргеміз!», «Толеранттылық планетасы» тақырыптарында постер жасауға қатысты. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі үстел үсті спорттық жарыстарын ұйымдастырды. Онкүндік «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны: бейнероликтер көрсету, оқушылар мен ата-аналарға зорлық-зомбылық мәселесі бойынша буклеттер, парақшалар таратумен қатар жүрді.

  

Просмотров: 515


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст