Тақырыптық онкүндіктің әзірленген жоспары бойынша мектепте ашық сабақтар өткізілуде. 15 қарашада мектепалды даярлық сыныбында сауат ашу негіздері бойынша «Дауысты дыбыстар» тақырыбында ашық сабағы өтті. Онда балалар Маша мен аюдың тапсырмаларын орындады. Жұмыс соңында оқушыларды тәтті тосын сый күтіп тұрды. Күні бойы үзіліс кезінде «Көңілді ойындар», «Үзіліс келді алақай, Кел билейік балақай» ойындары ұйымдастырылып, көлемді жапсырма бойынша мастер-класс өткізілді. Бұл балалардың қарым-қатынас дағдыларын, бірлескен іс-әрекетін, шығармашылық қызығушылықтарын дамытуға ықпал етті. Компьютерлік техникалық құралдар, үлестірмелі материалдар, көрнекілік құралдары пайдаланылды. Психологиялық орта эмоционалды, мейірімді болды. Балалар үлкен ықыласпен жұмыс істеді. 16 қарашада 3-сыныпта орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен «Синонимдер. Антонимдер» тақырыбында кіріктірілген сабағы өтті. Оқушылар қызықты теңіз саяхатын жасады, кроссвордтар шешті, есте сақтау тапсырмаларын орындады, "Antonym" ойынын ойнады. Сабақта жеке және топтық жұмыс, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылды: бейнероликтер, музыкалық сүйемелдеу, презентациялар.