Коммунальное Государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Родина отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»
Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім беру бөлімінің Родина ауылының жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

Мы в INSTAGRAM

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қыздар арамызда»

18.11.2022

«Бала құқығы – адам құқығы» онкүндігіндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында 17 қараша күні 7-11 сынып оқушылары арасында «Қыздар арамызда» атты профилактикалық әңгіме өткізілді. Іс-шараның мақсаты кәмелетке толмағандардың жыныстық қатынасқа ерте түсуіне жол бермеу және жасөспірімдердің жыныстық мәдениетінің деңгейін арттыру болды, танымдық ролик көрсетілді. Әлеуметтік педагог О.А.Мунт қыздармен махаббат, қарама-қарсы жыныспен қарым-қатынас туралы, ал мектептің медицина қызметкері О.Н.Манель - ерте жүктілік, гинекологиялық аурулар туралы әңгімеледі.  Әңгімелесу барысында медицина қызметкері қыздардың ерте жүктілігі денсаулықтың үлкен проблемаларына әкеп соқтыратынына назарын аударды. Сонымен қатар, ерте жүктілік ауыр психологиялық проблемаларды тудырып, қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Әңгіме соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Саетгареева Р.А. қыздарды «Өз ойларымен өмір сүруге» ғана емес, өз тағдырлары мен жақындарының тағдырына байыппен және жауапкершілікпен қарауға шақырды.

  

Просмотров: 426


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст