Мектеп-жас мамандардың кәсіби бейімделуін қамтамасыз ететін орталық буын болып табылады. Мектепте жас маманның теориялық және практикалық білімін жетілдіру, сонымен қатар әдістемелік сауаттылық деңгейін арттыруда кәсіби шеберлігін дамыту мақсатында тәлімгерлік жұмыстары ұйымдастырылды. Оқу жылының басында педагог-тәлімгерлер Е.Л.Гуменюк пен Р.А.Саетгареева жас мамандар – орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі О.А.Брауэрмен және география пәні мұғалімі О.А.Мунтпен атқарылатын жұмыс жоспарлары жасалды... Осы жоспарларды іске асыру шеңберінде 2022 жылдың 16 қарашасында коучинг-сессиялар өтті. Оның барысында жас педагогтар сабақта топтық жұмысты ұйымдастырудың жалпы қағидаттарымен және Блумның оқу міндеттерінің Таксономиясымен, әдебиет және орыс тілі мен география сабақтарында Блум техникасын қолдану тәсілдерімен танысты. Кездесу тәлімгер-мұғалімдердің жас мұғалімдердің сабақтарына қатысу нәтижелері бойынша кері байланыс жасауымен аяқталды.