Коммунальное Государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Родина отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»
Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім беру бөлімінің Родина ауылының жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

Мы в INSTAGRAM

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Учаскелік полиция инспекторымен кездесу

16.11.2022

Мектептегі жасөспірімдермен кездесу және жоспар бойынша профилактикалық әңгімелер өткізу мектеп пен жергілікті полиция қызметінің бірлескен жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Құқық бұзушылық пен кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстарды алдын алу мақсатында 2022 жылдың 14 қарашасында мектеп оқушыларымен Целиноград ауданы бойынша ЖПҚ ҚБ учаскелік полиция инспекторы полиция подполковнигі Қ.К. Алибековпен кездесу ұйымдастырылды. Полиция инспекторы оқушылармен әңгіме барысында балаларға жолда жүру ережелерін еске түсіріп, «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізді. Мектепте, көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалатын демалыс орындарында тәртіп ережелерін қатаң сақтауды ұсынды. Ол мектеп оқушыларына ішімдік пен темекінің зиянын еске салып, осы тәуелділіктердің зиянды жақтарын түсіндіре кетті. Әңгіме барысында балалар инспекторды зор ықыласпен тыңдап, барлық қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Просмотров: 1229


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст