1 қараша күні бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. ӘБ басшысы Т.В.Орловская оырыстың күн тәртібінің мазмұнымен таныстырды. Я.В.Талых және А.Н.Мажиева баяндамаларын оқыды. ӘБ отырысында бастауыш мектепте білім беру сапасын арттыруға байланысты мәселелер және үй тапсырмаларының мөлшері талқыланды. Кіріс бақылау жұмыстарын қорытындыланды, оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою жолдары белгіленді, 2-4 сыныптардағы пәндік олимпиадалардың нәтижелері талданды. Педагогтар өзін-өзі жетілдіру тақырыптарын жүзеге асыру бойынша атқарылған шығармашылық жұмыстардың көлемі туралы қысқаша ақпарат берді. Әр мұғалімнің жұмыс алгоритмі белгіленді. Осылай, бастауыш сынып мұғалімдері бірнеше жылдар бойы әдістемелік тақырыпта жұмыс істеп, кәсіби деңгейлерін жүйелі түрде жетілдіруде. Қорытынды бөлімде ӘБ басшысы пән апталығын қалай және қандай түрде өткізу керектігі туралы ойлану ұсынылды.