01.11.2022 ж. Родина ауылы мектебінде "ЖМБ пәндерін оқыту практикасында заманауи дидактикалық тәсілдерді іске асыру" тақырыбында дөңгелек үстел түріндегі ЖМБ ӘБ отырысы өтті. Математика пәнінің мұғалімі Т.П.Блажко және биология пәнінің мұғалімі М.А.Корогез баяндама жасап, сөз сөйледі. Оқушылардың нашар үлгерімінің психологиялық аспектілері, бастауыш және орта буын арасындағы тәрбие, оқыту және дамытудағы сабақтастық жөнінде пікір алмасылды. Жаратылыстану - математикалық бағыт пәндері бойынша олимпиаданың мектеп кезеңін, 1 тоқсандағы үлгерім мен білім сапасының қорытындыларын, бақылау жұмыстарын және оқушылардың пәндер бойынша білімдеріндегі олқылықтарды жою жөніндегі іс-шаралардың өткізілу талдау жасалды. Жеке және сараланған тәсілді қолдану арқылы оқушылардың өз пәндері бойынша білім сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.