Республика күнін мерекелеу аясында бастауыш 1-2 сыныптар арасында "Гүлдей бер, менің Республикам! Менің Қазақстаным!" атты мерекелік іс-шарасы өтті. Жауапты мұғалімдер: Мажиева А.Н., Нелюбина А.В. 3-4 сыныптар арасында "Менің Отаным-Қазақстан!" атты іс-шарасы. Жауапты мұғалімдер: Орловская Т.В., Талых Я.В. Іс-шараның мақсаты: Отанға деген мақтаныш пен құрметке тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Іс-шаралар «Отан неден басталады» атты әдеби композициямен басталды. Оқушылар қазақ және орыс тілдерінде тақпақтар оқып, Республика күніне дайындаған әндерін орындады. 1-2 сынып оқушылары Отанымыздың басты тарихи оқиғалары бойынша бейне экскурсиясын жасады, сұрақтарға жауап берді, "тақия", "киіз үй жаса" секілді ұлттық ойындарын ойнады. 3-4 сынып оқушыларына викторина сұрақтары ұсынылды, олар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, Қазақстан туралы әртүрлі салаларда: мемлекеттік рәміздер, тарих, мәдениет, спорт, музыка туралы көп білуге мүмкіндік берді. Іс-шаралар өте қызықты және қарқынды өтті.