Ойын технологияларының көмегімен сынып командаларының бірігуі.
Балалар ұжымы – ортақ тәжірибе, ортақ мүдде, ортақ еңбек, ортақ көзқарас, достық арқылы біріктірілген балалар тобы (Н.К. Крупская).
Балалардың достық ұжымын құру-ұзақ және күрделі процесстердің бірі. Біздің міндетіміз – балалардың бірігуіне қолдау көрсету және ынталандыру. Төмен және жоғары қозғалысты талап ететін жаттығулар шиеленісті жеңілдетуге, ұйымдастырушылық дағдыларды дамытуға, көшбасшылық қасиеттерді анықтауға, ұйымшылдыққа және т.б. ықпал етеді. Тренинг барысында балаларда ортақ мақсат, оны жүзеге асыруға бағытталған бірлескен іс-әрекет, келісу қажеттілігі, жолдастармен қарым-қатынас жасау арқылы жақсы көңіл-күй, қуанышы сезімдері пайда болады. Бұл кезеңде балалар көбірек дербестік көрсетеді, бірлестікке қатысушылардың саны өседі. Бірлескен жұмыстың неғұрлым күрделі мақсаттары алға қойылады - ойын, еңбек. Қауымдастықтардың құрамы тұрақты болады, өйткені балалар дәл осындай құрдастар тобында бірлескен іс-әрекетке тартылады.