Қоғамдық ортадағы террористік көріністерге қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірі олардың алдын алуы болып табылады. Мұндай профилактикалық жұмысты мектепте жүргізу маңызды. «Терроризмге қарсы қауіпсіздік жоспары» негізінде және мектептің педагогикалық ұжымы мен оқушыларының төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеті бойынша практикалық дағдылары мен теориялық білімдерін жетілдіру мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Мектептің әрбір қызметкері террористік акт немесе өзге де төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдардың қадамдық алгоритмі жазылған нұсқаулықпен таныстырылды. Мектепте 1-4, 5-11 сынып оқушылары мен педагогтарға жоспар бойынша нұсқаулық өткізілді. Теориялық сабақ педагогтар мен білім алушылар арасында терроризм идеологиясының таралуының алдын алуға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Терроризм актісін жасау қаупі төнген кезде және оны жасағаннан кейін сауатты және ұтымды мінез-құлық дағдыларын дамыту мақсатында "Ланкестік акт қаупі туындаған жағдайда қызметкерлер мен балаларды шұғыл эвакуациялау" тақырыбы бойынша жоспар бойынша практикалық жаттығу өткізілді. Аталған іс-шаралар педагогтарды, білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, мектеп қызметкерлерін терроризмге қарсы қауіпсіздікті ұйымдастыру негіздерімен таныстыруға ықпал етеді.