Текст
Әлемдегі ең танымал, таптырмас тағамдардың бірі, әрине, нан. Сондықтан оның өз мерекесі бар екені таңқаларлық жай емес. Ол жыл сайын 16 қазанда атап өтілетін Дүниежүзілік нан күні (World Bread Day). Рухани - адамгершілік тәрбие беру және нанға ұқыпты қарау мақсатында "Нан бәрінің басы" атты нан өнімдерінің көрмесіне бастауыш сынып оқушылары қатысты. Әр сыныпта тақырыптық сынып сағаттары өтті. Онда балалар нанның үстелге қалай келгені, нан өсірушілердің қиын еңбегі туралы әңгімелесті, қиын соғыс уақыты туралы бейнероликтерді көрді, мақал-мәтелдерді еске түсірді, жұмбақтар мен сөзжұмбақтарды шешті. Барлық оқушылар нанға ұқыпты қарау ережелері туралы жадынамалар алды.